Мас күйінде көлік жүргізген ақтаулық азамат қамауға алынды

Бүгін, 12:12 / Алуа Арман
polisia.kz

Ақтау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқару фактісін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция қызметкерлері дереу тиісті шаралар қабылдады. Құқық бұзушы анықталып, полиция басқармасына жеткізілді. Ол Ақтау қаласының 22 жастағы тұрғыны Дмитрий Окунев болып шықты.

Жасаған құқық бұзушылығы үшін ол ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды. Құқық бұзушылықтың салдары жойылды.

Мұндай құқық бұзушылықтар үшін заңнамада жауапкершілік көзделген. “Заң және тәртіп” қағидаты баршаға ортақ.

 

Тэгтер:

Мас көлік Ақтау жүргізуші қамауға алу