5 млн теңге бопсалаған Түркістан тұрғыны ұсталды

Бүгін, 12:07 / Алуа Арман
polisia.kz

Түркістан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ақша бопсалады деген күдікпен Сарыағаш ауданының 38 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам Шымкент қаласының тұрғынынан ар-намысына нұқсан келтіретін мәліметтерді таратамын деп қорқытып, 5 миллион теңге талап еткен. Тінту барысында күдіктіден телефон мен 5 миллион теңге көлеміндегі ақша табылып, тәркіленді.

Анықталғандай, ер адам бұған дейін ұрлық пен есірткі заттарын сақтау деректері бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазіргі уақытта күдікті қамауда. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Тэгтер:

Түркістан бопсалау