Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Ажар Асхат Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалына өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұрымды дзюдошымыз 70 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында моңғолиялық Анужин Уран-Улзийді жеңді.
Осылайша ақтық сынға жолдама алды. Оның финалдағы қарсыласы жапониялық Рин Маэда болмақ.
Айта кетейік, бұған дейін Әділет Алмат (81 келіге дейін) финалға шыққан еді.