ҰҚК: Шекарашылар бір айда 4 мыңнан астам заң бұзған адамды ұстады

Бүгін, 11:17 / Інжу Әлихан
ҰҚК

ҰҚК Шекара қызметі қыркүйекте құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып, 4 138  заң бұзған адамды ұстады. Оның ішінде 3 502 адам – шетел азаматы, деп хабарлайды turkystan.kz.

2,5 млрд теңге сомасында тауарлар мен жүктерді шекара арқылы заңсыз өткізудің 1 598 фактінің алды алынды, оның ішінде:

Каспий теңізінің акваториясында браконьерлікпен айналысудың 48 фактінің алды алынды, 41,7 км браконьерлік құрал, сондай-ақ 145 дана (840 кг) бекіре тұқымдас балық тәркіленді. Алды алынған шығын сомасы – 350 млн теңге.

Құзыреті шеңберінде Шекара қызметі 66 қылмыстық іс қозғап, тергеу шаралары жүргізілуде.

Сондай-ақ 34 млн теңгеден астам айыппұл салынған 3 607 әкімшілік іс өндірісте.

Қалған фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешімдер қабылдауы үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.