1 қазанда Қазақстан уақытымен сағат 06:29-да Ауғанстан аумағында 5,8 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы солтүстік ендіктің 36,46 градусы және шығыс бойлықтың 68,51 градусы координаттарында орналасқан.
Жер сілкінісінің магнитудасы 5,8, энергетикалық класы K=13,2 болды. Жер сілкінісінің ошағы 18 шақырым тереңдікте орналасқан.
Жер сілкінісі салдарынан қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.