Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды

1 қазан, 2026 / Інжу Әлихан
Ақорда

Президент өкімімен Ғұмар Серғазин лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Мемлекет басшысының өкімімен Ғұмар Екпінұлы Серғазин Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.