1 қазан – Қарттар күні

Бүгін, 09:25 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Қарттар күні 1990 жылдың 14 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясында ресми бекітіліп, 1991 жылдан бері 1 қазанда тойланып келеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл күн – аға буынға деген айрықша құрметтің белгісі. Олардың өмірлік тәжірибесі мен даналығы – баға жетпес қазына, ал көптеген жетістіктері жастарға үлгі. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» деп баласын өсірген халқымыз осы бір ауыз сөзбен ең үлкен тәрбиені бойына сіңірген. Дәл осы қасиет ұрпақтар арасындағы сабақтастықты сақтауға, дәстүрді жалғастыруға және қоғамды біріктіретін құндылықтарды нығайтуға ықпал етеді.

Аға буын өкілдеріне еңбегі мен парасаты үшін алғыс білдіреміз. Қарияларға қамқор болайық. Олардың әр күні қуанышқа, мейірімге және жақындарының сүйіспеншілігіне толы болсын.