Атырау облысының Индер ауданында жол пайдалану қызметінің техникасы қатысқан жол апатынан 2011 жылы туған жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Ақ Жайық» басылымының жазуынша, алдын ала бейресми ақпаратқа сәйкес, жол-көлік оқиғасы 2026 жылғы 27 қыркүйекке қараған түні Аққала ауылына кіреберіс жолда болған.
Жол пайдалану қызметінің көлігі жылқымен соқтығысқан. Салдарынан жасөспірім оқиға орнында көз жұмды.
Полиция мәліметінше, аталған жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Апаттың мән-жайы анықталуда.