«Өзімді сері сезіндім»: Алмат Сақатов танымалдықтың отбасысына әсер еткенін айтты

Бүгін, 07:18 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Актер Алмат Сақатов танымал бола бастаған кезеңдегі өмірі мен отбасындағы қарым-қатынасы туралы айтып берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Актердің сөзінше, өнердегі алғашқы танымалдыққа ие болған жылдары өзін «сері» сезініп, отбасы алдындағы жауапкершілікті екінші орынға ысырып қойған.

Сақатов сол кезеңде жарының көңіліне тиетін әрекеттер жасағанын жасырмады. Оның айтуынша, өзге қыздармен араласқан кездері де болған.

«Өзімді сері сезіндім. Отбасымды екінші орынға ысырып қойдым», – деді актер.

Ол кей жағдайларда өз қателігін мойындамай, мәселеге жеңіл қарап, «қол сілтеп қоя салғанын» да атап өтті.

Сондай-ақ актер осы уақытқа дейін жарына арнайы барып, кешірім сұрамағанын айтты. Сақатов мұны өзінің мінезі мен табиғатына байланысты деп түсіндірді.