Джиу-джитсудан Қазақстан құрамасының өкілі Абдулла Батырбек Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының 1/8 финалында сынға түсті.
Отандасымыз 62 келіге дейінгі салмақта Оңтүстік Корея өкілі Бенчжун Янмен кездесті.
Белдесуде Абдулла Батырбек 2:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша ширек финалға өтті.
Қазақстандық ширек финалда Сауд Арабиясының спортшысы Халед Али С.Хабабпен кездеседі.