Суретке түсу үшін зираттан 96 раушан ұрлаған әйел сотталды

Бүгін, 23:10 / Жамбыл Жайлау
magnific.com

Ресейдің Алтай өлкесінде зираттағы қабірден 96 раушан гүлін алып кеткен әйелге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іс материалдарына сәйкес, оқиға марқұмдарды еске алу күні болған. Әйел қабірлердің бірінен үлкен гүл шоғын байқап, оны өзімен бірге алып кеткен. Кейін ол раушандармен суретке түспек болғаны анықталды.

Алайда гүлдер сол қабірге кездейсоқ қойылмаған. 96 раушанды ер адам қайтыс болған әйелінің қабіріне арнайы әкелген. Прокуратура мәліметінше, ол қымбат гүл шоғын сатып алу үшін бірнеше ай бойы ақша жинаған.

Істі Алтай өлкесіндегі Петропавл аудандық соты қарады. Сот әйелдің әрекетін азаматқа елеулі шығын келтіре отырып жасалған бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау деп саралаған.

Сот ауырлататын мән-жайды ескеріп, әйелге екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар оған үш жыл сынақ мерзімі белгіленді. Үкім заңды күшіне енген.

Тэгтер:

Ресей гүл зират