Өскеменде көп қабатты үйдің жанынан ер адамның мәйіті табылды

Бүгін, 17:50 / Алуа Арман
istockphoto.com

Өскемен қаласында, Ушанова алаңы ауданындағы көп қабатты үйдің маңынан 61 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам терезеден құлап кеткен.

Полицияның мәліметінше, ер адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған.

«Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайларын толық, объективті және жан-жақты зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады Полиция департаменті.

Оқиғаның басқа да мән-жайлары әзірге жарияланбай отыр. Ер адамның өлімінің себебі мен мән-жайы анықталуда.

Тэгтер:

Өскемен