Көкшетауда ер адамдарды алдаған жалған аккаунт иелері ұсталды

Бүгін, 16:30 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Көкшетауда полицейлер азаматтарды алдау үшін әлеуметтік желілердегі жалған аккаунттарды пайдаланған алаяқтық схеманы анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тергеу мәліметтері бойынша әйелдер деректерімен аккаунттар құрған және интернетте ер адамдармен танысқан қаланың екі тұрғынын анықтады.

Жәбірленушілердің бірі Көкшетаудың 34 жастағы тұрғыны. Оның айғақтарына сәйкес, шілдеде "telegram" қосымшасы арқылы алдау жолымен белгісіз адамдар оған тиесілі 28 мың теңге көлемінде ақша қаражатын иемденді.

Хат алмасу барысында әңгімелесушілер сенімге кіріп, кейін әртүрлі сылтаулармен ақша аударуды сұраған. Сонымен бірге, кездесулер болмаған, ақша алғаннан кейін олар байланысқа шығуды тоқтатқан.

Қазір алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полицейлер болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауда және қатысушылардың басқа ұқсас эпизодтарға қатысуын тексеру үстінде.