«Балалық шағын ұрламаңыз»: Дина Төлепберген екі ұлының тәрбиесі туралы айтты

Бүгін, 15:51 / Алуа Арман
Әлеуметтік желі

Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген әлеуметтік желідегі парақшасында бала тәрбиесі туралы толғанып, телефонның зияны жайлы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Екі ұлыма экраны бар, интернетке қосылған айфон, андройттарды бермеймін. Өйткені миы мен жүйке жүйесінің жұқарғанын қаламаймын. Телефонмен туған, телефонмен тамақ жеген, телефонмен дәретханаға баратын балалардан өзім қорқамын, шынын айту керек. Шексіз контенттің кесірін біз әлі толық білмейміз. Бірақ оның арты жақсылыққа апармайтыны анық. Сондықтан қарызға батып қымбат телефон алудың дым қажеті жоқ. Сіз «жоқ» дей алсаңыз, бала да ақыры «жоқ» дейді. Телефон беріп, балаңыздың балалық шағын ұрламаңыз!», - дейді ол.

Тэгтер:

телефон бала тәрбиесі Дина Төлепберген