Жазғы Азиада – 2026: Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев бесінші орын алды

Бүгін, 15:14 / Алуа Арман
olympic.kz

66 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін өткен белдесуде қазақстандық спортшы Қытай өкілі Сюэ Цзыянмен кездесті. Белдесудің нәтижесінде қытайлық дзюдошы жеңіске жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Осылайша, Ғұсман Қырғызбаев Азиада-2026-дағы жарысын бесінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Елдос Сметов (60 келіге дейін) пен Әбиба Әбужақынова (48 келіге дейін) күміс медаль жеңіп алған еді.

Тэгтер:

жүлде дзюдо Азиада Ғұсман Қырғызбаев орын