Жазғы Азиада-2026: Балуан Мейіржан Шермаханбет қола жүлде иеленді

30 қыркүйек, 2026 / Інжу Әлихан
Оlympic.kz

Қазақстандық грек-рим күресінің шебері Мейіржан Шермаханбет Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

67 келіге дейінгі салмақта үшінші орын үшін өткен белдесуде Шермаханбет моңғолиялық Ганбаяр Намсраймен кездесті.

Отандасымыз 11:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетіп, Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, Шермаханбет бұған дейін Ханчжоуда өткен Азия ойындарында 67 келіге дейінгі салмақта күміс медаль жеңіп алған еді.