TikTok-та былапыт сөз айтқан екі алматылық жігіт 5 тәулікке қамалды

Бүгін, 14:27 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Алматыдағы Наурызбай аудандық полициясы әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында TikTok желісінен екі азаматтың былапыт сөздер айтқан бейнежазбасын анықтады. Авторлар видеодағы әрекеттерін әзіл ретінде ұсынған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция қызметкерлері бейнежазбаға қатысушылардың жеке басын анықтады. Олар 25 жастағы Ибраим Стамбеков және 21 жастағы Абай Абдыханов болып шықты.

Аталған дерек бойынша екі азамат та әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен олар кінәлі деп танылып, әрқайсысына 5 тәуліктен әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Полиция былапыт сөздерді жария түрде қолдану, тіпті “әзіл” ретінде болса да жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.