Қазақстан бокс федерациясы Махмұд Сабырханның жеңілісіне келіспейтінін мәлімдеді

Бүгін, 12:30 / Інжу Әлихан
Оlympic.kz

Қазақстан бокс федерациясы Жапониядағы Азия ойындарының жартылай финалында Наталья Богданова мен Махмұд Сабырханның жекпе-жектерінде шығарылған төрешілер шешімімен келіспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қазақстан бокс федерациясы Жапониядағы Азия Ойындарының жартылай финалы аясында өткен:

75 келі. Наталья Богданова- Ловлина Боргохайн (Үндістан), 55 келі. Махмұд Сабырхан-Карло Паалам (Филиппин) жекпе жектерінің нәтижесімен келіспейді және WORLD BOXING ұйымына наразылық жолдады», – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Наталья Богданова (75 кг) жартылай финалда үндістандық Ловлина Боргохайнға 2:3 есебімен жол берді. Ал Махмұд Сабырхан жартылай финалда филиппиндік Карло Пааламнан 2:3 есебімен жеңілді.