Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалына өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жерлесіміз 70 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында өзбекстандық Шавкатжон Болтаевпен кездесті.
Төрехан үш раунд бойы басымдық танытып, 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) финалға шыққан еді.