Жазғы Азиада – 2026: Елдос Сметов финалға өтті

Бүгін, 10:47 / Алуа Арман
olympic.kz

Дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елдос Сметов Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстандық дзюдошы 60 келіге дейінгі салмақтың 1/2 финалында Қытайлық Тайбэй өкілі Ян Юнвэймен кездесті.

Белдесуде отандасымыз "вазари" ұпайымен жеңіске жетті.

Елдос Сметовтың финалдағы қарсыласы жапониялық Хаято Кондо болмақ.

Тэгтер:

дзюдо Азиада финал Елдос Сметов