Баласын емізіп отырып, ұйықтап кеткен ана бас бостандығын шектеу жазасына кесілді

30 қыркүйек, 2026 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ақмола облысының Ақкөл аудандық сотында абайсызда қазаға ұшыратқаны үшін Л-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Л. қонақта алкогольдік ішімдік ішіп келіп, үйінде мас күйінде болған. Түнде баласын емізіп отырып ұйықтап кеткен. Оянған кезде баласының өмір белгілерін көрсетпей жатқанын анықтаған. Шақырту бойынша келген жедел жәрдем қызметкерлері баланың тұншығудан қайтыс болғанын растады.

Іс сотқа кінәні мойындау туралы жасасқан процестік келісіммен түсті. Прокурор Л.-ға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады.

Жаза тағайындауда сот Л-дің шын жүректен өкінгенін жазаны жеңілдететін мән-жай деп, ал қылмысты алкогольдік масаң күйде жасағанын жазаны ауырлататын мән-жай деп ескерді.

Сот үкімімен Л.-ға 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Тэгтер:

Бала Мас Ақмола облысы ана емізу