Жазғы Азиада-2026: Боксшы Алуа Балқыбекова қола жүлде жеңіп алды

Бүгін, 09:42 / Інжу Әлихан
Спортты дамыту дирекциясы

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында бокстан жартылай финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

2 дүркін әлем чемпионы, 51 келідегі Алуа Балқыбекова 1/2 финалда Вьетнам спортшысы Зи Там Нгуенмен жұдырықтасты. 3 раундқа жалғасқан айқаста төрешілер қарсыласты жеңімпаз ретінде таныды. Есеп: 0:5.

Айта кетейік, отандасымыз өз мансабында алғаш рет Азиадаға қатысты.

Алда әлі Наталья Богданова (75 келі) Махмұд Сабырхан (55 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі) шаршы алаңға шығады.