Қазақстандық балуан Ғұсман Қырғызбаев дзюдодан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының ширек финалында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Отандасымыз 66 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Бахрейн өкілі Сухроб Бокиевпен белдесті.
Негізгі уақытта жеңімпаз анықталмады. Қосымша уақытта Ғұсман Қырғызбаев “юко” ұпайын иеленіп, жеңіске жетті.
Осылайша Ғұсман Қырғызбаев жартылай финалға жолдама алды.