Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған күдікті Ресей федерациясынан экстрадицияланды

Бүгін, 09:45 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Бас прокуратура аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

2021-2022 жылдары күдікті шетелден автокөлікті сатып алу және жеткізіп беру сылтауымен үш жәбірленушіні алдап, олардың 106 млн теңгеден астам қаражатын иемденген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынуына байланысты халықаралық іздеуге жарияланған.

Биылғы жылдың наурыз айында ол Ресей аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауымен елге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды.

Айып тағылған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы көзделген.

Тэгтер:

күдікті алаяқтық Бас прокуратура Экстрадиция