Маңғыстауда жүк көлігі өртке оранды

28 қыркүйек, 2026 / Жамбыл Жайлау
видеодан скриншот

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында Mercedes-Benz Actros жүк көлігінің тіркемесі өртенді. Оқиға Батыр ауылының маңында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама 28 қыркүйек күні сағат 14:24-те түскен.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалынды 24 минут ішінде толық сөндірді. Өрт сағат 14:48-де ауыздықталған.

Оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге ТЖД-ның жеті қызметкері мен екі техника жұмылдырылды.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Тэгтер:

Маңғыстау