Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында балықтан уланған бір отбасының төрт мүшесі әлі де жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, олардың үшеуі – ересек ер адам, тағы бірі – бала. Науқастардың барлығы дәрігерлердің тұрақты бақылауында.
Оқиға 17 қыркүйекте болған. Сол күні кешкі уақытта Мұнайлы ауданында бір отбасының төрт туысы отбасылық жиында ысталған балық жеген.
Келесі күні олардың жағдайы нашарлап, ботулизмге тән белгілер байқалған. 19 қыркүйекте науқастар Мұнайлы аудандық ауруханасына жүгініп, кейін облыстық ауруханаға ауыстырылған.
Ал медициналық көмекке кейінірек жүгінген 5 жастағы бала емін аяқтап, ауруханадан үйіне шығарылған.
Айта кетейік, жарияланған деректе жансақтауда жатқан баланың жасы әр жерде әртүрлі көрсетілген: бір тұста 9 жаста, енді бір жерде 10 жаста деп жазылған.