Қасым-Жомарт Тоқаев Германия президентін "Алтын Қыран" орденімен марапаттады

Бүгін, 21:34 / Жамбыл Жайлау
Ақорда

Марапаттау салтанатында Мемлекет басшысы Президент Франк-Вальтер Штайнмайердің Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға сүбелі үлес қосқанын атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Сіздің парасатты басшылығыңыз, берік ұстанымыңыз және диалог пен бірлікке бейілдігіңіз зор құрметке лайық. Бұл Германияға әлемдегі серіктестерінің сенімін күшейтіп, ықпалдастыққа жол ашты. Бүгінде Германия – өндірісте, ғылым мен технологияда көш бастаған, дамуы қарқынды инновациялық елдердің бірі", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты қарым-қатынасты ілгерілетудегі Франк-Вальтер Штайнмайердің рөліне тоқталды.

"Президент мырза, Сізді Қазақстанның адал әрі сенімді досы, халықаралық деңгейдегі көрнекті мемлекет қайраткері ретінде жоғары бағалаймыз. Қазақстан мен Германия арасындағы достықты нығайтуға, ынтымақтастығымызды жандандыруға қосқан қомақты үлесіңізді ескере отырып, Сізге Қазақстан Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – "Алтын Қыран" орденін табыстаймын. Бұл марапатты қазақ халқының айрықша құрметі мен шынайы ризашылығының белгісі ретінде қабыл алыңыз", – деді Мемлекет басшысы.

Тэгтер:

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия