"Жұлдыздың жұлдызын жағып шығарамын": Гүлзира Айдарбекова келіні туралы айтты

29 қыркүйек, 2026 / Жамбыл Жайлау
ашық дереккөзден

Продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімованы өнерге қалай алып келгенін және оның шығармашылық жолына қалай қолдау көрсеткенін айтып берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Гүлзира Айдарбекованың сөзінше, Жұлдыз бірнеше жыл бойы бала тәрбиесіне басымдық берген. Сондықтан оның шығармашылықпен белсенді айналысуына уақыт қажет болған.

"Менде Жұлдыздың жұлдызын жандырып, бір-ақ шығарсам деген арман болды. Ол бірінің артынан бірін босанды ғой. Бес баласы бар. Төрт баладан кейін енді етек-жеңін жинады ғой дедім. Оған дейін өзім де Қайраттан қолым босамады", – деді ол.

Продюсер келінін елге танытуға әрекет жасап, Қайрат Нұртаспен бірге дуэт жаздырғанын да айтты. Оның сөзінше, бұл жөнінде Жұлдыздың әкесіне де уәде берген.

"Біреудің қызы ғой деп, әкесінің туған күніне барған кезде уәде бердім. "Бұйырса, Жұлдыздың жұлдызын жағып шығарамын" дедім. Қайратпен екеуіне дуэт жазып, бүкіл Қазақстанды аралаттым. Тойларға да екеуіне дуэт жаздырдым", – деді Гүлзира Айдарбекова.

Алайда Айдарбекованың айтуынша, әншілік бағыт Жұлдызға күткендегідей танымалдық әкелмеген. Осыдан кейін ол келінінің актерлік мамандығына назар аударып, осы салада дамуына мүмкіндік беруді жөн көрген.

"Өз балам сияқты атақты болып кеткен жоқ. Содан жолын көп ойладым. Бір жыл жүгірдім. Оңай болған жоқ. Өзі актерлік мамандықты оқыған соң, актриса бола берсін деген шешімге келдім", – деді ол.

Продюсер кейін Жұлдыз Әбдікәрімованы өзі түсірген фильмге де қатыстырғанын жеткізді. Оның айтуынша, аталған туынды Нью-Йоркте өткен байқауда Гран-при иеленген.

Тэгтер:

Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімова