Жазғы Азиада-2026: Жеңіл атлет Кристина Овчинникова күміс жүлдегер атанды

Бүгін, 17:42 / Інжу Әлихан
Спортты дамыту дирекциясы

Жапонияның Нагоя қаласындағы Мидзухо жеңіл атлетикада стадионында Қазақстан қоржыны кезекті жүлдемен толықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әйелдер арасында биіктікке секіруден финалда отандасымыз Кристина Овчинникова 2-орын алды. Оның нәтижесі 1.87 метр.

Бұл бағдарламада Өзбекстан өкілі Барнохон Сайфуллаева жеңімпаз атанды (1.90 м). Үздік үштікті үндістандық Пуджа түйіндеді. Ұлттық құраманың тағы бір өкілі Надежда Дубовицкая 5-сатыға жайғасты.

Осыған дейін ерлер арасында 5000 метрге жүгіруде отандасымыз Максим Фроловский финалда 7-орыннан көрінді. Мәреге Бахрейн өкілі бірінші жетті. Жарыс қожайыны Томонори Ямагучи күміс, Гульвир Синх (Үндістан) қола медаль еншіледі.