Абай облысында мал ұрлығымен айналысқан 11 адам сотталды

Бүгін, 17:38 / Алуа Арман
istockphoto.com

Бесқарағай ауданының прокуратурасы мал ұрлығына қарсы іс-қимыл жасау және осындай қылмыстардың алдын алу бойынша кешенді шаралар қабылдауда, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде аудандағы шаруа қожалықтарының бірінен ұсақ малды бірнеше рет ұрлауға қатысы бар адамдар тобының қылмыстық әрекеті тоқтатылды.

Бірқатар ұрлық жасауға 11 адамның қатысы бар екені анықталды. Жалпы, олар 36 бас ұсақ малды ұрлаған, сондай-ақ тағы 14 бас малды ұрлауға әрекет жасаған.

Тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс сотқа жолданды.

Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың тағылған қылмыстарды жасаудағы кінәсін растайтын дәлелдемелерді ұсынды.

Сот үкімімен барлық 11 сотталушы кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырылды.

Қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Абай облысының прокуратурасы азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақырады және құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін заңда көзделген жауаптылық пен жаза қарастырылғанын еске салады.

Тэгтер:

Сот Абай облысы Мал ұрлығы үкім