Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында TikTok платформасындағы тікелей эфир кезінде құрбысымен бірге балағат сөздер айтқан азаматтың аккаунтын анықтады. Тікелей эфир қала аумағындағы кафелердің бірінде жүргізілген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Полиция қызметкерлері құқық бұзушылардың жеке басын анықтады. Олар Қызылорда қаласының 24 жастағы тұрғындары Алтын Сапи мен Айзада Сайлаубай болып шықты.
Әлеуметтік желіде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін екі азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен олардың әрқайсысына айыппұл түріндегі жаза тағайындалды
Полиция әлеуметтік желілерде және тікелей эфирлер барысында қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайтынын ескертеді.
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу жұмыстары жалғасады.