Жиырма тәжік журналисі шетелден баспана сұрады

Жиырма тәжік журналисі шетелден баспана сұрады

Жиырма тәжік журналисі шетелден баспана сұрады
ашық дереккөзі
Жиырма тәжік журналисі түрлі себептермен, соның ішінде биліктің қысымымен елден кеткен. Тәжікстан әйел журналистері коалициясының басшысы Мухайё Нозимова 3 мамырда БАҚ өкілдері арасында жүргізілген зерттеу қорытындысын жариялады. Нозимованың хабарлауынша, шетелдегі журналистерге де хабарласып, олардың елден кету себептерін сұраған. "Түрлі себептер айтылды - билік қысымы, сөз бостандығының жоқтығы, БАҚ қожайындарының журналистерді қолдамауы, медиа өкілдерін қорғау институтының жұмыс жасамауы, жалақының аздығы", - деді ол. "Журналистерді біреуді қаралау үшін қолданатынын сезгенде, журналистер өсек таратудың құралына айналғанда, қолдайтын адам табылмағанда, тәуелсіз БАҚ-тар биліктің бақылауына өткенде, сөз еркіндігі туралы айту орынды ма?" - деді Нозимова. Кездесуге қатысушылардың кейбірі жоғарыда аталған себептер шындыққа жанаспайды деп есептейді. "Миллат" тәуелсіз газетінің бас редакторы Адолат Мирзоның айтуынша, шетелден баспана сұраған тәжік журналистері жұмыссыз қалған соң, басқа елдерге көшуді жөн көрген.