«Еркекті ажырасқанда танисың»: Жанель Мақажан бұрынғы күйеуіне қатысты мәлімдеме жасады

Бүгін, 11:39 / Алуа Арман
Ғаламтор

Белгілі актриса Жанель Мақажан бұрынғы күйеуі Абай Асылханның балаларына алимент төлемей жүргенін айтып, мәлімдеме жасады. Ол енді заңгердің көмегіне жүгінбек, деп хабарлайды turkystan.kz.

«3 айдан асты, әкесі қыздарына моральдық, материалдық көмек көрсетіп жатқан жоқ. 2-3 ай бұрын, әкесі кеткен кезде қыздардың күтушісін, тамағын, балабақшасын, киім-кешек, барлық материалдық жағдайын өз мойныма аламын деген. Сол күйі сөз жүзінде қалды. Неше той, іс-шара жүргізіп жатқанын ұзынқұлақтан естіп жатырмыз. Бір-екеуін салып, басым көпшілігін жасырып жүр екен. Сол себепті өзіме мықты адвокат іздеймін», - деп жазған ол Instagram сторисінде.

Тэгтер:

алимент Бала ерлі-зайыпты блогер сәби Жанель Мақажан Актриса Абай Асылхан Ажырасу неке