«Газель» қарсы жолаққа шығып кеткен: Қостанай облысында әйел жүргізуші қаза тапты

Бүгін, 10:40 / Алуа Арман
Қостанай облысының Полиция департаменті

Қостанай облысында Алматы – Екатеринбург тасжолында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты бүгін, 29 маусымда сағат 07:30-да Алматы – Екатеринбург автожолының 384-шақырымында, Қарабалық ауданының Қайрақ ауылы маңында болған. «Газель» және «Лада Калина» автокөліктері соқтығысқан.

Полицияның алдын ала мәліметінше, жүк тасымалдайтын «Газель» көлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кетіп, жеңіл автокөлікпен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан «Лада Калина» көлігінің жүргізушісі, әйел адам, оқиға орнында көз жұмған. «Газель» жүргізушісі мен «Лада Калина» көлігінің жолаушысы зардап шеккен.

Осы жол апатына қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу барысы бақылауға алынды.

Тэгтер:

Қостанай облысы Жол апаты жүргізуші ГАЗель