Жазғы Азиада – 2026: Арайлым Шегенова кураштан қола жүлде иеленді

Бүгін, 10:29 / Алуа Арман
Спортты дамыту дирекциясы

Жапонияның Аичи префектурасында ХХ жазғы Азия ойындары аясында кураштан белдесулер жалғасып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

87 келіден жоғары салмақтағы Арайлым Шегенова жартылай финалда Оңтүстік Корея өкілі Минйонг Кимнен белдесіп, 0:1 есебімен жол берді.

Айта кетейік, бұған дейін кураштан еліміздің атынан Әділет Ахметғали да қола жүлдеге иелік еткен еді.

Тэгтер:

Азиада Қола жүлде жапония кураш Арайлым Шегенова