Қытаймен шекарада автокөлік өткізу пункттерінің жұмысы уақытша тоқтатылады

Бүгін, 10:08 / Інжу Әлихан
Көлік министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитеті Қытай Халық Республикасының құрылған күнін мерекелеуге байланысты 2026 жылғы 1, 2 және 3 қазанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері арқылы адамдарды, көлік құралдарын және жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Мемлекеттік шекарадан өтуді жоспарлап отырған тасымалдаушылар мен азаматтардан маршруттарын алдын ала жоспарлау кезінде аталған шектеулерді ескеруді сұраймыз.