Жамбыл облысында тұрғынның үйінен 140 келі қарасора тәркіленді

Бүгін, 09:57 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері Гродеково ауылында тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 50 жастағы ер адамның тұрғылықты жеріне тінту жүргізілді.

Үй іргесіндегі жүгері алқабынан 14 түп қарасора өсімдігі анықталды. Тәркіленген заттардың жалпы салмағы 140 келіні құрады.

Құрамында есірткі заттары бар, егіп-өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.