Каспийде үш адам мінген қайық теңізге ағып кетті

Бүгін, 07:17 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Экология министрлігі

Маңғыстау облысында құтқарушылар ашық теңізге ағып кеткен үш адамды тапты.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен түнде Түпқараған ауданындағы Каспий теңізінің жағалауында қатты желдің салдарынан үш адам отырған үрлемелі қайық ашық теңізге ағып кеткен. Оларды іздеуге ТЖМ күштері дереу шықты.

Құтқарушылар жоғалған адамдарды тауып, жағалауға жеткізді. Медициналық көмек қажет болған жоқ, — делінген хабарламада.

ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасап, жел күшейген кезде суға шықпауды және қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрады.