Алматы облысында бір тәулікте екінші рет жер сілкінді

Бүгін, 17:37 / Алуа Арман
istockphoto.com

Алматы облысында 28 қыркүйекте магнитудасы 4,2 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

ҚР ҰЯО Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, 2026 жылғы 28 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 13:53-те (Гринвич уақыты бойынша сағат 08:53-те) Алматы облысында, Нарынқол ауылынан солтүстік-батысқа қарай 25 шақырым жерде жер сілкінісі болды.

Жер сілкінісінің эпицентр координаттары: солтүстік ендіктің 42,81 градусы, шығыс бойлықтың 79,89 градусы. Магнитудасы — mb=4,2. Энергетикалық класы — K=9,4. Ошақтың тереңдігі — 7 шақырым.

Бұған дейін бүгін, 28 қыркүйекте сағат 09:38-де жер сілкінісі тіркелгені хабарланған болатын. ҚР ТЖМ «ҰССИ» ЖШС мәліметінше, оның эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 8 шақырым жерде орналасқан. Қаладағы есептік қарқындылығы 3–4 балды құрады.

Тэгтер:

Жер сілкінісі