Алматыда құрылыс нысандарына бақылау күшейтіледі – әкімдік

Бүгін, 16:24 / Інжу Әлихан

Алматы әкімі кеңейтілген аппараттық кеңес өткізіп, онда қала аудандарындағы құрылыс және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ ақпараттық жұмыс мәселелері қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жұмыс кестесінен кешіккен нысандарға ерекше назар аударылды. Мердігерлерге бақылауды күшейту, жұмыс қарқынын арттыру және белгіленген мерзімнің кейінге шегерілуіне жол бермеу тапсырылды.

Сондай-ақ жер қазу жұмыстарынан кейін көркейтуді қалпына келтіру жайы қаралды. Қала әкімі барлық апаттық қазылған учаскені уақытылы жауып, аумақты тиісті жағдайға келтіруді тапсырды.

Қалған аумақтар келісілген мерзімде қалпына келтірілуге тиіс. Бірінші кезекте нысандардың жылу маусымы басталғанға дейінгі дайындығын қамтамасыз ету қажет. Жауапты басшылар мерзімнің сақталуы мен жұмыстардың сапалы орындалуына жауап береді.