Елордада LRT 10 миллионнан астам жолаушыны тасымалдады

Бүгін, 10:55 / Алуа Арман
City Transportation Systems

Қыркүйек айында тәулігіне орта есеппен шамамен 80 мың жолаушы тасымалданған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Tarlan Astana жеңіл рельсті көлігі іске қосылғаннан бері оның қызметін 10 миллионнан астам рет жолаушы пайдаланған. Ал қыркүйек айында орташа тәуліктік жолаушылар ағыны шамамен 80 мың адамды құрады.

«City Transportation Systems» (CTS) ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, сапарлардың ең көп саны «Университет», «Бәйтерек» және «Нұрлы жол» станцияларына тиесілі.

«Университет» станциясында 1 463 953 жолаушы, «Бәйтерек» станциясында 1 208 610 жолаушы, ал «Нұрлы жол» станциясында 1 060 068 жолаушы тіркелген.

Tarlan Astana көлігінде жол ақысын көлік картасымен, банк картасымен, сондай-ақ байланыссыз төлем тәсілдері арқылы төлеуге болады.

Тэгтер:

жолаушы ЛРТ