Жазғы Азиада-2026: Әділет Ахметғали кураштан қола жүлде еншіледі

Бүгін, 10:43 / Інжу Әлихан
Спортты дамыту дирекциясы

Жапонияның Аичи префектурасында ХХ жазғы Азия ойындары аясындағы кураш жарыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, ерлер арасында 81 келі салмақтың жартылай финалында отандасымыз Өзбекстан өкілі Ахрор Зиёдуллаевпен белдесіп, 0:10 есебімен жол берді.

Айта кетейік, бұған дейін ширек финалда Әділет Ахметғали Тайпей өкілі Хе Сунгты 10:0 есебімен сенімді жеңген болатын.

Тэгтер:

Азия ойындары 2026 Әділет Ахметғали кураш