Полицейге қол көтерген шенеунік жұмыстан босатылды

Полицейге қол көтерген шенеунік жұмыстан босатылды

Полицейге қол көтерген шенеунік жұмыстан босатылды
ашық дереккөзі
Алматы полицейіне қарсылық танытқан жалған шенеунік жұмыссыз болып шықты. Қалалық әкімдік тәртіп бұзушының кім екені туралы ақпарат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, «шенеунік» Алматы әкімдігі Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мемлекеттік тапсырыс бөлімінде жұмыс істеп, наурыз айында өз еркімен қызметінен кеткен. «Қазіргі уақытта Алмат Шаймерден Алматы әкімдігінің мемлекеттік қызметшісі емес. Ол «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 1-бабы, 1-тармақшасына сәйкес, 2017 жылдың 6 наурызы күні өз еркімен қызметінен босатылған. А.Шаймерден Алматы қаласы әкімдігі Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мемлекеттік тапсырыс бөліміне бас маман болып, 2012 жылдың сәуір айында тағайындалған. Оның полицейге көрсеткен қызметтік куәлігі жарамсыз», - деді Алматы әкімдігінен. Алайда, Алматы әкімдігі Шаймерденнің бұзақылық оқиғасынан кейін қызметтік куәлікке байланысты Кадр бөлімінің жетекшісіне сөгіс жарияланды. «Шаймерден қызметтік куәлігін жоғалтып алғанын айтып, қайтармаған. Сонда да Кадр бөлімінің жетекшісіне сөгіс түрінде тәртіптік шара қолданылды», - деді қала басшылығынан. Еске сала кетейік, 30 жастағы жүргізуші жол-көлік оқиғасынан кейін полицейлерге қарсылық көрсетіп, ізін суытпақ болған. Полицейлердің жүргізушіден құжаттарын көрсетуін талап еткен уақытында ол әкімдіктен берілген, мерзімі өтіп кеткен қызметтік куәлігін көрсетіп, қоқан-лоққы жасаған. Енді Шаймерден 2 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.