Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында бокстан ширек финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
2 дүркін әлем чемпионы, 51 келідегі Алуа Балқыбекова 1/4 финалда жарыс қожайыны Юна Нишанакамен жолықты. Алма-кезек басымдықпен өткен айқаста 3:2 есебімен отандасымыз жеңімпаз деп танылды.
Бүгінгі жарыс күні Наталья Богданова (75 келі) Махмұд Сабырхан (55 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі) және Нұрбек Оралбай шаршы алаңға шығады.