«Алтын алғым келді»: Ясмина Тоқсанбаеваның Азия ойындарындағы нәтижесі есепке алынбады

Бүгін, 08:02 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева 2026 жылғы Азия ойындарында спорттық жүрістен көрсеткен нәтижесінің жойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Спортшы бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Тоқсанбаева жарыс барысында соңына дейін күрескенін атап өтіп, өзін қолдағандарға алғыс айтты.

«Кешіріңіздер, осындай эмоциялар үшін. Мен алтын алғым келді. Бірақ Құдайдың жолы – ешкімге белгісіз, бұл менің арманымның жолында тоқтатпайды», – деп жазды спортшы.

Ол сондай-ақ жарыстағы нәтижесінің жойылғанын көрсететін скриншот жариялады.

Спортшы өзіне қолдау білдірген барлық жанкүйерлеріне және жарыс барысында көмектескен мамандарға алғыс айтты.

«Біз соңына дейін күрестік. Мені қолдаған барлық суперқаһармандарыма рақмет. Жеке жаттықтырушымнан бастап, жеңіл атлетика федерациясы мен спорт министріне дейін барлығы мені қолдады», – деді Ясмина Токсанбаева.

Айта кетейік, кеше Ясмина Тоқсанбаева Қазақстан қоржынына тоғызыншы алтынды салғанын жазған болатынбыз.