Қызылорда облысының Шиелі ауданының тұрғыны пышақ жарақатын алғаннан кейін полицияға жүгінген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Іс бойынша күдікті ретінде кәмелетке толмаған жасөспірім танылған. Ол ұсталып, сот бұлтартпау шарасы ретінде үйқамаққа алуға санкция берді. Бұл туралы Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрсұлтан Алтай мәлімдеді.
«Кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдері бала тәрбиесі бойынша міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады», - деді ол.
Сонымен қатар, іс материалдары әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданды. Комиссия қосымша шаралар қабылдап, мұндай әрекетке ықпал етуі мүмкін себептер мен жағдайларды анықтауы тиіс.
Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр және облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.