Жазғы Азиада-2026: Жеңіл атлет Нора Джеруто күміс медаль жеңіп алды

Бүгін, 19:41 / Нұрлан Әлинұр
ҰОК

Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында сәтті өнер көрсетті.

Отандық спортшы 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.

Нора Джеруто ақтық бәсекеде қашықтықты 9:06.82 уақытта бағындырды.

Алтын медальді Яви Винфред (Бахрейн) жеңіп алды - 9:04.36. Үндістандық Парул Чаудхари үздік үштікті түйіндеді - 9:08.67.