Ақтаудағы қайғылы жағдай: Әскери борышын өтеуде ерлік көрсеткен үш әскери қызметші марапатталды

Бүгін, 13:00 / Нұрлан Әлинұр
Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ әскери қызметші «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Олар:

Қуандық Бекет Бақтыбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы);

Темірхан Ақжол Тимурұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы);

Удалов Никита Александрович – 29011 әскери бөлімінің маманы (санитариялық нұсқаушысы).