Жазғы Азиада-2026: Ерлан Тасмағамбетов батуттағы гимнастикадан қола медаль еншіледі

Бүгін, 11:22 / Нұрлан Әлинұр
ҰОК

Қазақстандық спортшы Ерлан Тасмағамбетов батуттағы гимнастикадан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Отандасымыз суперфиналда ел намысын қорғады. Нәтижесінде Ерлан төрешілердің шешімімен 54.69 ұпай жинап, үшінші орын алды.

Қытайлық Янь Ланъюй жарыста топ жарды - 65.09. Оның отандасы Ван Цзысай күміс медальға ие болды - 63.83.

Бұған дейін Роман Барков финалда сегізінші орын алып, суперфиналға өте алмаған еді.