Жазғы Азиада-2026: Жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Қазақстанға тоғызыншы алтын медальді сыйлады

Бүгін, 08:09 / Нұрлан Әлинұр
ҰОК

Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тоқсанбаева спорттық жүрістен марафон қашықтықтығында бақ сынап, мәреге бірінші болып жетті.

Отандасымыз жарысты 3 сағат 22 минут 20 секунд нәтижесімен аяқтады. Мәреге екінші болып қытайлық Даньцзэн Цюйцзун жетті – 3:26:09. Тағы бір қытайлық спортшы Ма Ли 3:32:26 нәтижесімен үздік үштікті  түйіндеді.

Бұл – Қазақстан құрамасының Азиада-2026 ойындарындағы тоғызыншы алтын медалі.

Ерлер арасындағы жарыста Георгий Шейко алтыншы орын алды.